15 Сәуір 2023 2023, 23:00
Фото: baq.kz
Паром жұмысы уақытша тоқтатылды – ШҚО
Қазіргі уақытта «Қызыл Ту» өткелі қысқы кесте бойынша жұмыс істейді. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты паром жұмысы уақытша тоқтатылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта «Қызыл Ту» өткелі қысқы кесте бойынша жұмыс істейді. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты паром жұмысы уақытша тоқтатылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы уақытқа дейін тек «Ертіс» паромы қызмет көрсетіп тұрған.
14 сәуір күні сағат 16.00-ден желді күн райына байланысты паром жұмысы уақытша тоқтатылды, - деп хабарлады облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.