Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында қандай мәселелер қаралады?

Бұл туралы Сенат депутаты Дана Нұржігіт мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

19 желтоқсанда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтетіні белгілі. Осыған байланысты сұрақтар болуы мүмкін. Оған алдын ала жауап берейін. Бұл отырыста Парламент жұмысының регламенті талқылау және қабылдау қарастырылады. Өздеріңіз білесіздер, Парламент қызметіне байланысты бірнеше заңға өзгерістер енгізілген. Міне, осыған сәйкес Парламент жұмысының регламенті өзгеруі керек, - деп атап өтті сенатор Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында. 

Айтуынша, алдағы бірлескен отырыста күн тәртібінде бір мәселе ғана қаралады. 

Алдағы 19 желтоқсанда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Парламент жұмысының регламенті талқыланып қабылданады. Күн тәртібіндегі мәселе осы ғана, - деді Дана Нұржігіт. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізу туралы Өкімге Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қол қойғаны туралы жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы