Кеше 2026, 10:05 Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Парламенттің бірлескен отырысы басталды: Үш маңызды заң қаралады

Күн тәртібінде үш маңызды конституциялық заң жобасы бар.

Парламент Палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірлескен отырыстың күн тәртібінде үш маңызды конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда қаралады.

Атап айтқанда, депутаттар:

  • «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасын;
  • «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасын;
  • «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылайды.