Парламенттік оппозиция институты қажет – президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев басқа партия өкілдеріне Парламенттегі кейбір комитеттердің төрағасы лауазымдарын иелене алатындай жағдай жасау керек екенін айтты.

Бізге парламенттік оппозиция институты қажет. Біз жаңа қоғамдық парадигманың басты шарты балама көзқарастар мен пікірлер екенін ескеруіміз қажет. Соңғы жылдары өз ұстанымдарын ашық білдіріп жүрген белсенді азаматтар бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге атсалысты. Біз балама пікірлер мен қоғамдық талқылау тоқыраудың бастауы емес, керісінше дамудың басты талаптарының бірі екеніне көз жеткіздік, - деді мемлекет басшысы.
Сондықтан, президент Парламенттегі саяси азшылықтың негізін заң жүзінде  бекіту қажет екенін айтты.
Бұл үшін "Парламент туралы" заңды саяси азшылыққа кепілдік беретін нормалармен толықтыру қажет. Мысалы, басқа да партиялардың өкілдері Парламенттегі кейбір комитеттердің төрағасы лауазымдарын иелене алатындай жағдай жасау керек. Бұл биліктің заң шығару тармағындағы баламалы қызметтің жүйелі жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Барлық бастамалар бойынша үкімет Президент әкімшілігімен бірге Парламентке сәйкес ұсыныстары мен заң жобаларын енгізу қажет, - деп тапсырды Қазақстан президенті Ұлттық кеңес отырысында. 
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Сонымен қатар, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында ең алдымен халықтың мұң-мұқтажына құлақ түру керек екенін айтты. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевауыл шаруашылығына қажетті жерді игермей жатқан азаматтардың жерін қайтарып алу үшін тиісті сот процесін әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында Қылмыстық кодекстің 130-бабын Әкімшілік кодекске ауыстыруды тапсырды. Кеңесте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында митинг ұйымдастыру кезінде хабардар ету қағидасын енгізуді қолдайтынын айтты. Сондай-ақ, квазимемлекеттік секторда қысқарту болатындығы айтылды және мемлекет тек мұқтаждарға көмектесуі керек екенін, әлі күнге дейін қағаз құжаттар талап етілетінін сынға алды. Сонымен қатар, президент реформалар елді дүрбелеңге салмай, тұрақты дамуға бастау керектігін де сөзге тиек етті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы