Парламенттің жаңа маусымы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс үйінде VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сессиясының ашылуына орай Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етуде.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес алтыншы шақырылған парламенттің бесінші сессиясын ашық деп жариялаймын. Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын», - деді Тоқаев.
Бүгінгі отырыста президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғаш рет жолдау жариялайды деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы 10 тамыз күні хабарлаған болатын.
«2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі», - деп жазған еді Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін президент Қазақстан халқына Жолдау жасайды