Парламенттегі диалог шынайы болу керек - депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Nur-Otan" партиясының негізгі мақсаты ұлттың рухани әлеуметін сақтап қалу. Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров осылай деді.

Елде қабылданып жатқан барлық заңдар ұлттық мүддеміз үшін қызмет етуі тиіс, деп атап өтті Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин. Бейсенбі күні Мәжіліс спикерінің басшылығымен  депутаттар тобы қоғам өкілдері, Үкімет, құқық қорғау органдары мүшелерінімен кездесіп, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заң жобасының кей тұстарын талқылады. "Nur-Otan" партиясының негізгі мақсаты ұлттың рухани әлеуметін сақтап қалу. Мәжіліс спикері заң қабылдау қызметінің түйіткілді сауалдары мен мәселелерін ел азаматтарымен ашық талқылауды көздейтінін атап өтті. Парламенттегі диалог шынайы болу керек - дейді депутат.

Ол кездесуге бұл заң жобасының қабылдануына сыни тұрғыдан қарайтын қоғам өкілдері де қатысқанын атап өтті.

Олар өздерін мазалапр жүрген барлық сауалдарға  толыққанды жауап алды. Сонымен қатар жұмыс тобымен бірлесіп заң жобасын жетілдіруге қатысатын болады. Жұмыс тобына дін өкілдері де кіреді. Айта кету керек, екі тараптың түсініспеушілігіне регламент бойынша  Мәжіліс сайтында заң жобасының алғашқы нұсқасының жариялануы да себеп болған. Екінші оқылымда өзгерістер енгізілгенімен олар сайттағы ақпаратқа енгізілмейді - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, бұдан былай жұмыс тобы барысында енгізілген өзгерістер мен мәселелер сайтта жедел жарияланып тұратын болады. 

Қазір жұмыс тобының отырысы онлайн режимде өтеді.Кез келген азамат отырыс барысын  тамашалай алады. Аталмыш заң жобасы мәдени код пен халықтың дәстүріне негізделетін болады. Бұдан бөлек  заң жобасы жаһандық мәдениеттің дәстүрлі мәдениетімізге тигізіп жатқан кері әсеріне мән беріледі. Нұрлан Нығматулин атап өткендей, біздің өз мәдениетіміз бар, заң жобасы дәстүрлі құндылықтарды ескеретін болады. Біз біргеміз! - дейді Ерлан Сайыров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы