Парламентте бюджеттің жұмсалу реті сөз болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев бюджет қаржысын дұрыс жұмсамайтын шенеуніктерді сынады. Оның сөзінше, бюджет шығысының кірістен көп болуы және Ұлттық қор қаражатын қайта-қайта пайдалану Қазақстанның экономикалық базасының артта қалуына себеп болып отыр. Перуашев бұл қаражат бюджеттегі «бос кеңістікті» жабу үшін жұмсалатынын айтты. 

«Сарапшылар Ұлттық қордың шығысы тағы да кірістен асып кеткенін айтты. Бұл болашақ қазақстандықтарға тиесілі ақшаны қазіргі бюджетті қаржысын орындап отырғандардың тиімсіз жұмсап жатқанын білдіреді», - деп айтты депутат. 

Ол мемлекеттік қызметші бюджеттің әрбір тиынын бағалауы тиіс екенін айтты. 

«Біздің мемлекеттік органдар көрпесіне қарай көсілмейді. Ал бұл әдеттің түп-тамыры қайта қарауды талап етеді. «Ақ жол» фракциясы осы уақытқа дейін қаншама рет аймақтардағы шенеуніктердің мемлекет қаржысы есебінен байығысы келетіні туралы мәселе көтерді. Жергілікті басшылар бюджет қаржысын тиімсіз пайдалануға үйренген. Үлкен пәтер, қымбат көлік, жиһазға дейін... Осымен жетер. Баюды қаласаңыздар бизнеспен айналысып, ақша табыңыздар. Ал мемлекеттік қызметші бюджеттің әрбір тиынын бағалауы тиіс», - деп кейіді Перуашев қос палатаның бірлескен отырсында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы