Парламент Сенатының 20 депутаты сайланды

Сенат сайлауының алғашқы алдын ала қорытындылары жарияланды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Сайлауда Астанада Сенат төрағасының кеңесшісі, белгілі журналист Бибігүл Жексенбай депутат болып сайланды.

Шымкентте ең көп дауысты Нұрлан Бекназаров жинады. Абай облысында Қайрат Тастекеев таңдаушылардың 89 дауысын жинаған.

Дауыс берудің алдын ала қорытындысы бойынша Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысынан, Мұрат Қадырбек Түркістан облысынан, ал Гүлмира Кәрімова Солтүстік Қазақстан облысынан депутат болып сайланды.

Алматы облысы бойынша Жанболат Жөргенбаев, Ақмола облысы бойынша Талғат Жүнісов, Атырау облысы бойынша Әлібек Нәутиев, Батыс Қазақстан облысы бойынша Арман Өтеғұлов, Жетісу облысы бойынша Амангелді Толамисов, Қарағанды облысы бойынша Серік Өтешов, Қостанай облысы бойынша Ғауез Нұрмұхамбетов, Қызылорда облысы бойынша Руслан Рүстемов, Павлодар облысы бойынша Ернұр Әйткенов ең көп дауысқа ие болды.

 

Алдын ала нәтиже бойынша Ақтөбе облысы бойынша Амангелді Нугманов, Ұлытау облысынан Советбек Медебаев, Шығыс Қазақстан облысынан Шәкәрім Бұқтұғұтов, Жамбыл облысынан Сәкен Арубаев және Алматы қаласынан Жанна Асанова да сенатор болып сайланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы