28 Наурыз 2024 2024, 15:00 Фото: Парламент Сенатының баспасөз қызметі

Парламент Сенаты Аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың өкімімен Сенат Аппараты басшысының орынбасары лауазымына Адай Баймұқанов меритократия қағидаты бойынша тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың өкімімен Сенат Аппараты басшысының орынбасары лауазымына Адай Баймұқанов меритократия қағидаты бойынша тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол бұған дейін Сенат Аппараты бөлімнің меңгерушісі қызметін атқарған болатын.

ҚР Парламенті Сенатының Аппаратында кадрлық шешім қабылдау барысында меритократия қағидаты негізгі ұстанымның бірі болып отыр.

2023 жылдың қаңтар айынан бері бұл лауазымды Ғани Нығыметов атқарған болатын. Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты осының алдында қызметінен өз еркімен босатылған болатын.