Өзбекстандағы парламент сайлауында либерал-демократиялық партия жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы (УзЛиДеП) өзінің сайлау алдындағы бағдарламасында елдің Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қосылуын қолдаған болатын. 

Енді олар Өзбекстанның Олий Мәжілісіндегі (Парламентінің) көпшілік орынға ие болады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Мирзо-Ұлықбек Аблусаломов хабарлады.

Парламенттегі ең ірі фракция Өзбекстанның Либерал-демократиялық партиясы (УзЛиДеП) болады. Олар Заң шығарушы палатадағы 150 орынның 53-ін иеленді. Олардан кейінгі Өзбекстанның демократиялық партиясы – "Миллий тикланиш" ("Ұлттық жаңғыру") 36 мандат жеңіп алды. Ал "Адолат" ("Әділдік") Социал-демократиялық партиясы 24, Өзбекстанның халық-демократиялық партиясы (ӨХДП) 22 және Өзбекстанның экологиялық партиясы 15 депутаттық орын алды, - деді ОСК басшысы.

Өзбекстан парламентінің төменгі палатасына сайлау мажоритарлық жүйе бойынша өтті. Тіркелген 5 партияның әрқайсысы әрбір сайлау округінде бір кандидаттан ұсынды, алайда кейін 6-ы өз кандидатурасын алып тастады. Жеңіс үшін кандидат өз округінде 50%-дан көп дауыс жинауы тиіс болатын. Елдің сайлау кодексінің 59-бабына сәйкес, бірде-бір кандидат қажетті көпшілік дауыс жинай алмағаны үшін 22 сайлау округінде және дауыс беру қорытындыларын анықтау кезінде арифметикалық қате кеткендіктен, 3 округте дауыс беру қайта өткізілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы