Бүгiн 2026, 17:22 Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді: Қошанов Өкімге қол қойды

26 маусымда Астанада Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Жиынның күн тәртібі кейін белгілі болады.

Мәжіліс төрағасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

​Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 26 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын, – деп жазылған Өкім мәтінінде.