Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы  20 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын, – деп жазылған Өкім мәтінінде.   

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы