Бүгiн 2026, 17:47
Фото: parlam.kz
Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 8 мамырда өтеді
Мәжіліс төрағасы бірлескен отырыс туралы Өкімге қол қойды.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сай Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 8 мамыр күні сағат 10:00-де Астана қаласында өтеді.
Өкім мәтінінде бірлескен отырысты белгіленген уақытта өткізу тапсырылғаны атап өтілген.