26 Маусым 2020 2020, 09:14
Парламент палаталарының бірлескен отырысы 30 маусымда өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Өкіміне сәйкес, Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 30 маусымда өтеді.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Өкіміне сәйкес, Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 30 маусымда өтеді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 30 маусымда сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын, - деп Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойған Өкім мәтінінде айтылған.