Парламент отырысында мешіннің суретін салған депутат желіні шулатты
Оңтүстік Кореяда парламент отырысы кезінде депутат қағазға мешіннің суретін салып отырған сәтінде камера объективіне түсіп қалып, желіні шулатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Франциялық депутаттың Rolex сағатына байланысты дауынан кейін желіде тағы бір парламент мүшесі танымал болды. Ол суретші рөліне қатты еніп кеткені соншалық, интернеттен горилланың суреттерін қарап, оны бар ынтасымен қағаз бетіне түсіре бастаған.
Бұл кезде парламентте жылжымайтын мүлік саласындағы аудит мәселесі талқыланып жатқан болатын, - деп жазады Heidoi.
Алайда депутат әріптестерінің бейнежазбаны басшылыққа және әлеуметтік желіге жариялайтынын ойламаған. Нәтижесінде видео интернетте кең таралып, миллиондаған қаралым жинаған. Ал депутат өз әрекеті үшін көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүр болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы