Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау басталды

Елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихатына депутат сайлау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәжіліс сайлауына 7 саяси партия тіркелді, олар – «Қазақстанның Халық партиясы», «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «AMANAT» партиясы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, «Байтақ» Қазақстандық жасылдар партиясы, «Respublica» партиясы.

Бүгін 12 млн-ға жуық азамат таңдау жасайды. Алдын ала тұрғылықты жері бойынша 11 970 406 сайлаушы анықталды. Сайлаушылардың ең көбі – 1 177 507 сайлаушы Түркістан облысында, ал ең азы – 138 277 сайлаушы Ұлытау облысында тіркелген.

Ел учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Учаскелік сайлау комиссиялары жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де дауыс санауды, дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасауды бастайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: egemen.kz
Өзгелердің жаңалығы