6 Сәуір 2025 2025, 16:06
Фото: Х/BPINewsOrg
Парламент ғимаратында күтеген жағдай болды
Канада астанасы Оттавада бір ер адам парламент ғимаратына кіріп алып, іштен бекініп тастаған
Канада астанасы Оттавада бір ер адам парламент ғимаратына кіріп алып, іштен бекініп тастаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол ғимараттың шығыс бөлігінде бірнеше сағат отырған. Осыған байланысты ғимараттағы адамдар сыртқа шығарылып, қауіпсіздік қызметі жұмылдырылды.
Полиция ер адаммен бірнеше сағат бойы сөйлесіп, келіссөз жүргізді. Ақырында жағдай адамға зиян келмей шешілді, күдікті қамауға алынды. Бұл туралы Оттава полициясы әлеуметтік желіде хабарлады.