Бүгiн 2026, 10:52 Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Парламент 2026 жылғы 1 шілдеден бастап өкілеттігін тоқтатады

Жаңа Конституция жобасының 95-бабына сәйкес, 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституция негізінде қалыптастырылған Қазақстан Республикасының Парламенті 2026 жылғы 1 шілдеден бастап өз өкілеттігін тоқтатады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа Конституция жобасының 95-бабына сәйкес, 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституция негізінде қалыптастырылған Қазақстан Республикасының Парламенті 2026 жылғы 1 шілдеден бастап өз өкілеттігін тоқтатады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжатта Конституция күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде Президент Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс екені көрсетілген. Сайлау екі ай ішінде өткізілуі қажет.

Бірінші шақырылған Құрылтайдың алғашқы сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде Президент оның келісімімен Вице-Президентті тағайындауға тиіс. Сондай-ақ осы мерзім ішінде Конституциялық Соттың төрағасы мен судьялары бекітіледі. Ал бұрын тағайындалған судьялар жаңа құрам жасақталғанға дейін өз өкілеттіктерін сақтайды.

Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның төрағалары және мүшелері де Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап екі ай ішінде тағайындалуы тиіс. Қолданыстағы құрам жаңа жасақталғанға дейін жұмысын жалғастырады.

Сонымен қатар Конституция күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде Жоғарғы Сот Төрағасы, Ұлттық Банк Төрағасы, Бас Прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалуы қажет.

Ал 1995 жылғы Конституцияға сәйкес сайланған немесе тағайындалған Жоғарғы Соттың, жергілікті және өзге де соттардың судьялары, мәслихат депутаттары мен басқа да лауазымды тұлғалар өз өкілеттіктерін Конституция мен заңдарда көзделген негіздер бойынша тоқтатылғанға дейін сақтайды.