Парижге дайындалатын спортшылардың арасында жаңа легионерлер жоқ – Спорт министрлігі
Мәжілісте өтіп жатқан дөңгелек үстелде Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев легионерлер саны азайтылып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Легионерлер саны қысқартылып жатыр. Біріншіден, хоккей, волейбол, футбол, баскетбол ойын спорт түрлері бойынша ЕурАзЭҚ-те ойнайтын легионерлер санын қысқарту бойынша ұсыныс бердік. Қосалқыда құрамда отыратын және алаңда ойнайтын ойыншылардың айырмашылығы болуы керек. Футболда алаңда бұрын 5 адам болса, оларды 3 адамға дейін қысқартып жатырмыз, - деді вице-министр.
Жарасбаев жеңіл атлетикаға Кениядан келген 5 спортшы сынға жиі ұшырайтынын айтты.
Халық «оларды қайтеміз» деп айтып жатыр. Алайда олар бізде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Олардың барлығын қабылдау керек. Бізде дайындалу арқылы жеңіл атлетика бойынша солардың арқасында алғаш алтынға ие болды. Бір жыл бұрын допингке қатысты күмәнді мәселелер туындаған. Бірақ соңғы айда БАҚ-та дәлелденіп, таза болып шықты. Парижге дайындалып жатқандардың ішінде бұрыннан келе жатқан легионерлер ғана бар, жаңадан легионер қосылған жоқ. Біз өз спортшыларымызды өсіруіміз керек. Кеше Будапеште хоккейден жастар арасында әлем чемпионаты аяқталды. Ол жерде тек қазақстандықтар ғана өнер көрсетті. Тек «Барыс», «Торпедо» мен «Сәтпаев» командаларында бар, - деді ол.