Париждегі жарылыстан 37 адам жарақат алды
Жапа шеккендердің төртеуі ауыр халде жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құтқарушылар үйінділер астында тағы 2 тұрғын болуы мүмкін дейді. Бұл туралы Хабар24 жазды.
Төтенше оқиға шаһар орталығындағы Париж америкалық академиясында болды. Жарылыстан кешеннің алдыңғы қабырғалары қирап қалған. Алдын ала тергеуге қарағанда газ балоны жарылған. Кей тұрғындар жарылыс болар алдында газдың иісін сезгендерін айтады. Тергеу жүріп жатыр.
Әзірге жарылыстың нақты себептерін айта алмаймын. Ғимарттағы жалынды сөндіруге 270 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Қазір өрт өшірілді. Жапа шеккендерді іздестіру жалғасып жатыр, - деді Париж қаласы полициясының басшысы Лоран Нуньес.
Ақпарат құралдары таратқан мәліметке қарағанда ғимаратта сән мектебі болған. Жақын маңдағы үйлерден 20 отбасы эвакуацияланған. Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Еліміздің сыртқы істер министрлігі берген мәліметке сай, зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтар жоқ.