Париждегі тәртіпсіздік салдарынан 20 полиция қызметкері зардап шекті

Франциядағы тәртіпсіздіктерден 20 полиция қызметкері зардап шекті. Бұл туралы BFM TV мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдымен тәртіпсіздіктер Нантерде басталды, бірақ түнде О-де-Сен департаментінің басқа муниципалитеттеріне таралды. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жеңіл жарақат алғаны анықталды.

Шерушілер 25-ке жуық көлікті қиратып, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді. 24 адам қамауға алынды. Жасөспірімді атқан полиция қызметкері де ұсталды.

Тәртіпсіздіктер 27 маусымда таңертең Париждің батысындағы Нантерде 17 жасар жасөспірімді құқық қорғау органдары атып өлтіргеннен кейін басталды. Полиция оның тәртіп сақшыларының талаптарын орындаудан бас тартқанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: bfmtv.com
Өзгелердің жаңалығы