Париждегі сән апталығы алғаш рет онлайн өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемияға байланысты атақты дизайнерлерге өз жоспарларын өзгертуге тура келді, деп хабарлайды "Хабар 24".
Киім жиынтықтарын ұсыну үшін қысқа фильмдер түсірді. Біреуі онда ертегідегідей орман көрсетіп, модельдері су перілері мен нимфалар кейпінде шыққан. Ал тағы біреуі Париждің қаңырап қалған көшелерінде сән көрсетілімін ұйымдастырыпты. Ал кейбір сән үйлері тіпті биылғы байқауға қатысудан бас тартып, өз киім жиынтықтарын келесі жылдың қаңтар айында көрсететін болды.Кутюрье идеясы жағынан түс көрумен, қиялмен ұқсас деп ойлаймын. Ал егер арман ұсынып отырсаң, жұртты өз қиялыңа шақыруыңа болады. Осылай маған фильм түсіру ойы келді. Осындай сезімдерді тек кино жеткізе алады деп санаймын, – дейді Dior сән үйінің шығармашылық директоры Мария Грация Кьюри.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
11 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы