Париждегі Олимпиадада Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы қайтыс болды
Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин Парижде кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ақпаратты Туризм және спорт министрлігі растады.
Өкінішке қарай, Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннен айырылып қалдық. Оның кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды», - деді ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп.
Еске салайық, Ерден Хайруллин Алматының спортын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өзбекстанмен 70-ке жуық бірлескен жобамыз бар - Тоқаев
Өзгелердің жаңалығы