Парижде жойқын жарылыс болды
Париждің Сент-Жак көшесіндегі Америка академиясының ғимаратында жарылыс болып, 37 адам зардап шеккен. Тағы төрт адам ауыр халде жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
BFMTV ақпаратына сәйкес, өртті сөндіруге шамамен 270 өрт сөндіруші мен 70 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Қала префектісі Лоран Нуньес жарылыс үлкен өрт пен ғимараттардың бірінің құлауына себеп болғанын мәлімдеді. Көрші үйлердің терезелері сынған. Жақын маңдағы екі үйдің тұрғындары эвакуацияланды.
Прокурорлар «абайсызда зиян келтіру» ісі бойынша тергеуді бастады.
Жарылыс себептері анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
22 маусымға арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы