Парижде жас қазақ ақындарының поэтикалық кеші өтті
Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде қазақ диаспорасының көптеген өкілдері, сондай-ақ INALCO институтының студенттері мен қазақ тілін үйреніп жатқан «Қорқыт» мәдени орталығының мүшелері үшін «Күзгі кездесу» атты поэтикалық кеші өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Франциядағы қазақстандық күзі» мәдени маусымы аясында өткен іс-шара барысында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Танакөз Толқынқызы, ҚР Жазушылар одағының мүшелері Жанаргүл Қадырова мен Айзада Рахымжанованың өлеңдері шырқалды.
Бағдарлама ақын А. Рахымжанова мен журналист және жазушы Дастан Қазтайдың жаңа кітаптарының тұсаукесерімен, сондай-ақ танымал дәстүрлі әнші Медіғат Манаповтың өнерімен жалғасты.
Сонымен қатар, поэтикалық кеш аясында Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің және ҚР Жазушылар одағының қолдауымен 2020 жылы Францияда түсірілген «Кішкентай ханзада» атты деректі фильмінің көрсетілімі өтті. Режиссер Қарлыға Хасеннің бұл жобасы Оңтүстік Колумбия, Түркия, Таиланд және Даккадағы халықаралық кинофестивальдердің үздік фильмдерінің бастапқы тізіміне енді.
Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова өз сөзінде шетелде отандастарымыздың патриоттық рухын көтеретін, отанмен байланыстарын нығайтатын осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Ақындармен кездесу интерактивті ойындармен және белсенді көрермендерге кітаптар, ұлттық кәдесыйлар мен тәттілер түріндегі сыйлықтар берумен аяқталды.
Париждегі поэзия кешіне қатысқан қазақстандық ақындар, өнер адамдары мен ақындар туралы «Эйфель – Махаббат мұнарасы» атты жаңа деректі фильм түсіруге ниетті.