25 Маусым 2023 2023, 15:10 Фото: Phys.org

Парижде ұшатын такси таныстырылды

Парижде елу төртінші рет өтіп жатқан Халықаралық әуе көрмесінің аясында ұшатын такси таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Парижде елу төртінші рет өтіп жатқан Халықаралық әуе көрмесінің аясында ұшатын такси таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Электр қуатымен жүретін инновациялық көлікті неміс компаниясы жасап шыққан. Ол сағатына 110 шақырымды еңсеріп, диаметрі 15 метрлік жерге қона алады.

Өндірушілер ұшатын такси қызметін келер жылы Парижде өтетін Олимпиада кезінде пайдалану жоспарланып отырғанын айтты.

Айта кетейік, Жазғы спорт ойындары Франция астанасында 2024 жылдың 26 шілдесінен 11 тамызға дейін өтеді.