Парижде такси жүргізушілері шеруге шықты

Мэрия ғимараты алдына жиналған жұрт жолды жауып, үкіметтен еңбек жағдайын жақсартуды талап етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар-ке сілтеме жасап.

Шерушілердің айтуынша, көшелерде жаяу жүргіншілерге басымдық берілгендіктен, қалада көлік кептелісі көбейіп кеткен. Бұған қоса, Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстары, табыс табуға кедергі келтіріп жатқан көрінеді. 

Жағдайымыз нашарлап барады. Осы мамандықты игеріп жүргенімде такси қызметі арқылы жақсы табысқа кенелуге болатынын айтушы еді. Қазір іс жүзінде қалай екенін өз көзіммен көріп жүрмін. Шектеу көбейді, барлық жақтан қысым сезіледі. Биліктен еңбек жағдайымызды жақсартуды сұраймыз, - дейді такси жүргізушісі Элизабет Бутсили.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы