Парижде қазақ-француз комиссиясының IX отырысы өтті

Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері  қару-жарақ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақ-француз комиссиясының ІХ отырысының жұмысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Онда іске асырылып жатқан жобалардың ағымдағы жай-күйі, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды.

Тараптар мемлекеттердің қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары арасындағы қалыптасқан байланыстарды жоғары бағалап, оларды одан әрі нығайту ниетін нақтылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы