Парижде ер адам Эйфель мұнарасынан парашютпен секірген

Париж полициясы Эйфель мұнарасына заңсыз көтерілген үш адамды ұстады. Олардың бірі мұнараның жоғары бөлігінен парашютпен секіріп үлгерген. Бұл туралы Journal du Dimanche басылымы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға 9 тамыз күні жергілікті уақытпен таңғы 5:20 шамасында болған. Кешеннің күзет қызметі үш ер адамды байқап қалып, дереу полицияға хабар берген. Дегенмен, бір сағаттан кейін олардың бірі биіктіктен секіріп, Марс алаңы маңына сәтті қонған. Қалған екеуі секірмеген, бірақ оларды да полиция ұстады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, үшеуіне де "сәулет ескерткішіне рұқсатсыз кіру" бабы бойынша айып тағылған. Қазіргі уақытта олардың жеке тұлғалары анықталып жатыр.

Эйфель мұнарасы Париждің ең танымал нысандарының бірі болғандықтан, оған кез келген заңсыз кіру әрекеті қауіпсіздік тұрғысынан қатаң бақыланады. Соңғы жылдары адреналинді жақсы көретін экстремалдар мен блогерлер тарапынан мұндай оқиғалар жиілеп кеткен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы