Парижде "Алтын доп" иегерлері анықталды
Париждегі Шателе театрында өткен салтанатты рәсімде 2025 жылғы футбол маусымының үздіктері марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Әйелдер арасындағы беделді жүлде испандық «Барселона» жартылай қорғаушысы Айтана Бонматиге бұйырды. Ол қатарынан үшінші рет «Алтын допты» жеңіп алып, футбол тарихындағы ерекше рекордтардың бірін орнатты.
Ерлер арасындағы басты жүлде иегері әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен, спорт сарапшыларының айтуынша, ПСЖ шабуылшысы Усман Дембеле – «Алтын доп – 2025» марапатына ең ықтимал үміткер. Оның негізгі қарсыластары ретінде «Барселона» ойыншылары Рафинья мен Ламина Ямалдың есімдері аталып жүр.
Айта кетейік, өткен маусымда ПСЖ Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанып, ұлттық деңгейде үш бірдей кубокты иеленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Сitigroup компаниясының директорын қабылдады
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы