Париж төрінде Назым Қызайбай марапатталды

Париж төрінде қазақстандық боксшы Назым Қызайбай марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінгі таңда Назым – Қазақстандағы әйелдер құрамасындағы ең атақты боксшы. Сондай-ақ ол Париждегі Олимпиада ойындарында да керемет өнер көрсетіп, қола жүлдені қанжығасына байлады.

7 тамызда жартылай финалда Назым қытайлық Ю Вуға есе жіберіп алып, қола жүлдені қанағат тұтқан болатын.
.jpg)
Марапаттау рәсімі финалдан соң өткізіліп, Ю Ву қазылардың шешімімен түркиялық Бусеназ Чакыроглудан басым түсті деп танылды. Олимпиаданың екінші қола жүлдесін филиппиндік Айра Вильегас иеленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бразилияда 60-тан астам жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады
Өзгелердің жаңалығы