Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев елге оралды

Алматы әуежайына грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев келді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Франциядан Алматыға табан тіреген спортшыны анасы мен отбасы, достары мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды.

Әуежайда домбыра, баян мен гитарада қазақтың ұлттық әуендері шырқалды.


Араға жиырма жыл салып, грек-рим күресінен Олимпиаданың финалында белдескен Демеу Жадыраев отандық спорт тарихына есімін алтын әріптермен жазды. Бұған дейін қазақ балуандары Олимпиаданың финалынан үнемі сырт қалатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы