Париж Олимпиадасы Қазақстан спортшылары үшін сәтті басталды

Францияның Париж қаласында күллі әлемнің назарын өзіне аударған жазғы Олимпиада ойындары басталды. Оған 80-ге жуық қазақстандық спортшы қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олимпиада ойындарының алғашқы жарыс күні Қазақстан спортшылары үшін өтте сәтті басталды деп айтуға болады. Сайыстың алғашқы күні ел спортшылары қоржынымызға 1 алтын 1 қола жүлде салды. Жасыратыны жоқ, бұған дейінгі өткен Олимпиада ойындарында көпшілік алғашқы күнгі жарыс нәтижесінен аса көп үміттене қоймайтын. Бар үміт төрт жылдық доданың соңына жақын өтетін бокстан көп үміт күтетін. Бұл жолы олай болмады. Қазақстандық мықты спортшылар алғашқы күннен-ақ дүйім жұртты өздеріне қаратып, экран алдына еріксіз байлады.

Алтын жүлдені ел қоржынына дзюдошы Елдос Сметов салса, Олимпиада ойындарындағы алғашқы қола жүлдені оқ атудан Қазақстан құрамасының мергендері Александра Ле мен Ислам Сәтпаев алды.

Алғашқы алтын. Тарихи жеңіс

Алдымен алтын туралы сөз қозғасақ. Себебі, бұл алтын дзюдо спортынан қазақстан тарихындағы ең алғашқы алтын. Оны қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов ел қоржынына салды. Айта кетейік, бұған дей спорттың бұл түрінен ел қоржынында бір күміс, бір қола жүлде бар еді. Ол кеуін де алған осы Елдос Сметов болатын. Осымен Елдос батын Олимпиаданың үш жүлдесінде қанжығасына байлаған айтулы спортшыға айналды.

Финалда 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сметов грузин тектес Француз Лука Мхейдземен кездесіп, осы жекпе-жекте жеңіске жетті. Мхейдзе Токиода (Жапония) өткен 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, сондай-ақ 2023 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы болып табылады.

Бұған дейін турнир барысында Елдос Сметов голландиялық дзюдошы Торнике Чакадуаны, украиналық Дильшот Халматовты және тайваньдық Юн Вей Янды жеңіп, жартылай финалда қазіргі әлем чемпионы және Еуропаның үш дүркін чемпионы испандық Франциско Гарригосты жеңіп, сенсация тудырды.

Жарқын жеңісінен кейін спортшы мүмкін емес ештеңе жоқ екенін айтты.

Бәрі де мүмкін. Мен бұған сенімді болдым. Егер тілек болса, онда бәрін жеңуге болады. Барлығы өз қолымызда. Ол Жақсылық Үшкемпіровтың арманын орындады – жекпе-жектен Олимпиада чемпионы атанды. Мен бұған өте қуаныштымын. Мен мұны үшінші әрекетте орындадым. Бұған дейін мен «күмісті» де, «қоланы» да алдым. Әлем чемпионы болды. Қазір ол Олимпиада чемпионы атанды. Халқыңды қуантқаннан асқан бақыт жоқ, - деді Сметов жеңістен кейін.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта дзюдошы Елдос Сметовтің Олимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы алтынды алуына қатысты пікір білдірді.

Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймыз! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Бүкіл ел сізді таңдандырып, қошеметтеп жатыр. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі, — деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

Әлеуметтік желіде Елдос Сметовтің Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында алтын үшін болған белдесуде үйінде отырып, теледидар қарап отырған туыстары мен достары қолдау көрсетіп жатқан видеосы тарап жатыр.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Олимпиада ойындарында елге алтын әкелген спортшы 250 мың доллар алады. Олимпиада жүлдегерлері үшін де жүлде қоры белгіленді: күміс медаль үшін 150 000 доллар, қола үшін 75 000 доллар.

Елдос Сметовтің Жеңіске апарар жолы

Олимпиада чемпионы 1992 жылы 9 қыркүйекте Тараз қаласында кәсіпкер және үй шаруасындағы әйелдің отбасында дүниеге келген. Ағасы Жандос алғашында дзюдоға әуес болса, кейін бұл спорт інісі Елдостың тағдырына айналды.

Сметов дзюдоға небәрі 5 жасында қабылданған. 2010 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды.

2015 жылы Сметов ересектер арасында әлем чемпионы атанды - бұл Астанада болды. Финалда Елдос отандасы Рустам Ибраевты жеңді.

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен алғашқы Олимпиада ойындарында Сметов күміс жүлдені жеңіп алу үшін күрделі қосымша уақыттағы финалда ресейлік Беслан Мудрановтан жеңіліп қалды.

2019 жылы Токиода өткен әлем чемпионатында ол қола жүлдегер атанса, екі жылдан кейін Токио-2021 Олимпиадасында да Сметов тек қола жүлдегер атанды.

2024 жылдың мамыр айының басында Сметовтың үшінші Олимпиада ойындарына баратын-бармайтыны әлі белгісіз еді. Жас спортшылар оның өкшесін қыздырып, жаттықтырушылар құрамы қиын жағдайға тап болды.

Нәтижесінде маусым айында турнир өтіп, тәжірибелі Елдос Сметов командаластары Мағжан Шамшадин мен Нұрқанат Серікбаевтан жеңісті жұлып алды, дегенмен соңғысының рейтингі айтарлықтай жоғары болды.

2024 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Елдос Сметов алтын медаль жеңіп алды.

Қос мергеніміз қола жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық мергендер Париждегі Олимпиаданың қола жүлделері үшін матч өткізді. Отандық құраманың өкілдері Ислам Сәтбаев пен Александра Ле аралас командалар арасында он метрден пневматикалық мылтықтан ату бойынша үшінші орын үшін жарыста бақ сынады. Олардың қарсыластары немістер болды Максимилиан Ульрих және Анна Янсен. Нәтижесінде Қазақстан атқыштарының 17:5 есебімен жеңісі болды, олар "қола" иегері атанып, елге 2024 жылғы Олимпиада ойындарының алғашқы медалін әкелді. «Көңіл-күйім керемет, бұл мен қатысқан алғашқы Олимпиада ойындары болды, мен қола медаль алдым», - деді Ислам Сәтбаев.

Бойындағы қуанышын жасыра алмаған Александра Ле де ерекше пікірін білдірді.

Мен оқ атуға келгенде Олимпиадаға қатысуды, сол жерде ең жақсы нәтиже көрсетуді армандадым. Бұл менің мақсатым еді. Бар күшімді салсам, жеңетінімді білдім. Бүгін мен үшін сондай қуанышты күн. Мен медаль алғанша асығып тұрмын, - деді Александра Ле.

Айта кетейік, Ислам мен Александра өткен жылы Ханчжоуда жұптық сайыста қола жүлдені жеңіп алған болатын. Ислам былтыр Бакуде өткен әлем чемпионатында, Александра Азия чемпионатында лицензия алған. Бұл спортшылар Олимпиадаға алғаш рет қатысып отыр.

Қазақстан мен Германия құрамаларының қола медаль үшін болған кездесуі 17-5 есебімен аяқталды.

Бұл пәнде "алтын" үшін Қытай мен Оңтүстік Корея шайқасады.

Айта кетейік, Константин Малиновский мен Арина Алтухова ұсынған екінші қазақстандық команда біліктілікте 27-ші болды.

Атқыштар бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ольга Довгун Olympic.kz сайтына берген сұхбатында 2024 жылғы Олимпиадада қола жүлдені жеңіп алған командадан кейінгі эмоцияларымен бөлісті.

Қатты толқып тұрмын. Бұл жарыста біздің спортшылар медаль алатынын сездім. Рас, мен «алтын» немесе «күміс» болатынына сенімді болдым. Дегенмен, нәтиже бар, алға үлкен қадам жасалды. Александра мен Ислам әлемдік деңгейдегі жүлделерге таласатын спортшылар. Олар бұған дейін Азия мен әлемдік жарыстарда финалға шыққан. Бірақ сәттілік жеткіліксіз болды. Бірақ мұның бәрі олардың Олимпиадада жеңіп алған медалімен салыстырғанда әлсірейді. Сезімдерімде шек жоқ, мен өте бақыттымын. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстанға алғашқы медальді беру – керемет сезім! 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиададан бері бізде медаль болған жоқ. Бұл сәтсіздіктер сериясын бұзып, жанкүйерлерді қуантқанымыз үлкен бақыт, - деді Довгун.

Олимпиаданың алғашқы күнінде қазақстан халқы тағы бір спортшы үшін жанын шүбрекке түйіп, тақымын қысып отырып қолда көрсеткен еді. Ол қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова еді. Алғашқы айналымдарда өте шебер өнер көрсеткен Абибаға сәл сәттілік қана жетіспей қалды. Осылайша ол 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарында қола жүлдеге қол жеткізе алмады.

48 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Әбужақынова он сегіз жастағы швециялық Тара Бабулфатпен кездесті. Қарсылас мықтырақ болып, кездесуде мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, қола жүлдені иеленді. Қазақстандық өз кезегінде алғашқы Олимпиадасындағы өнерін медальсіз аяқтады.

Түн жартысынан ауғанда бостан сайыс басталып, онда отандасымыз Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Қазақстан құрамасы қатарынан алғаш болып шаршы алаңға шықты. Ол 63,5 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы алғашқы кездесуде испаниялық Ойер Ибарецчеден басым түсті. Мұхаммедсабир бірінші раундта 5:0, ал екіншісінде 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық гимнастшылар да Олимпиаданың финалына шықты.

Парижде көркем гимнастикадан квалификация аяқталды. Қазақстандықтар Нариман Құрбанов пен Милад Карими финалдық кезеңге өтті.

Құрбанов атпен жүгіруден алтын медальға таласады. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 15 000 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады.

Карими жекелей көпсайыс бойынша біліктілік көрсетті. Ол еден жаттығуларының финалында ел намысын қорғайды.

Қанша жерден спортқа қызығушылығы жоқ кісі болса да дәл осы төрткүл дүниежүзі көз алмай қарайтын Олимпиада ойындарын бақылауда ұстайтыны сөзсіз. Себебі, онда ұмытылмас әсерлер мен ерекше шоу тамашалауға болады. Сонымен көптен күткен 2024 жылғы Париж Олимпиадасы да басталып кетті. Енді оны 26 шілде мен 11 тамыз аралығында бір айға жуық уақыт тамашалауға болады.

Париж жаз бойы Олимпиада ойындарының назарында болады! Әлемге әйгілі әсем қаласы өз тарихында осымен үшінші рет осы спорттық іс-шараны өткізуде.

Барлығының сүйікті гандболы, дзюдо, жүзу және жеңіл атлетикадан брейк, күрес, скейтбординг және хоккей сияқты ерекше спорт түрлеріне дейін... Олимпиада ойындары – сүйікті спорт түрлерімен айналысуға, сондай-ақ жаңаларын ашуға мүмкіндік.

Олимпиада ойындарында көрермендер келіп, сүйікті командасына қолдау көрсете алады. Францияға 10 500 спортшы келеді деп күтілуде. Оған Қазақстанды қосқанда 205 делегация қатысты. Қазақстан биылғы жазда барынша көп медаль жеңіп алуға ұмтылады деп болжауға болады.

Сіз білесіз бе? Қазақстан алғаш рет 1952 жылы Хельсинкиде өткен жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. Ол кезде ел ойындарға Кеңес Одағының түсімен қатысты. 1994 жылы Лиллехаммерде өткен қысқы ойындарда Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде алғаш рет Олимпиадаға қатысты.

Содан бері еліміз түрлі спорт түрлерінен көптеген медальдарды жеңіп алды. Қазақстан спортшылары негізінен бокс, күрес және ауыр атлетикадан барлығы 71 медаль (14 алтын, 22 күміс және 35 қола) жеңіп алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы