Париж Олимпиадасы: Қазақстан додаға дайын ба
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж Олимпиадасына Қазақстанның дайындығы жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Олимпиада - ең үлкен маңызды дода. Париждағы жарысқа 205 мемлекет, 10 500 спортшы 32 спорт түрінен қатысады. Бүгінгі таңда бізде 22 спорт түрінен 78 лицензия бар. Оның ішінде бокстан 10 жолдама, дзюдадан 8, күрестен 7, оның ішінде грек-римнен 4 және еркін күрестен 3, оқ ату, байдарка мен каноэда 6, семсерлесу (фехтования) 5 және басқа да жолдамалар бар, - деді министр.
Спорт саласы басшысы биыл еліміз әйелдер күресі мен ауыр атлетикадан лицензия сайысқа жолдама ала алмағанын айтты.
Енді өңірлерге келсек, ең үлкен үлес қосқан өзіміздің Алматы қаласы. 16 жолдама Шымкент қаласы, 12 жолдама Астана қаласы, 9 ШҚО, Түркістан және Жетісу облыстары 5 olympic.kz-тінің және федерациялар арасындағы жұмысты біріктіріп жатыр, - деп түсіндірді ведомство басшысы бірлескен отырыста.
Ермек Маржықпаевтың сөзінше, қазіргі таңда Ұлттық құрама командамыз қызу дайындық жүргізіп жатыр. Министр Олимпиадаға болжам жасау, нәтижесін беру өте қиын екенін қоса кетті. Бірақ мемлекет бүкіл қажетті жағдайды жасап жатыр.