Париж олимпиадада спортшыларға 500 түрлі тағам ұсынады
Францияда жазғы олимпиада ойындары кезінде спортшыларға тәулік сайын өсімдік өнімдерінен әзірленген 40 түрлі тағам ұсынылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Le Parisien басылымы хабарлады. Жарыстар өтетін аймақта бүгіннен бастап мейрамхана іске қосылды.
Тамақтану орны олимпиада ойындары аяқталғанша барлық спортшыны 500 түрлі ыстық аспен қамтамасыз етеді. Асхана тәулік бойы демалыссыз жұмыс істейді. Спортшылардан басқа олимпиада жанкүйерлеріне де етсіз балама тағамдар ұсынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы