Париж-2024: Жетінші жарыс күнінің нәтижесі қандай
Туризм және спорт министрлігі Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарының екінші жарыс күнінің нәтижесіне тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Туризм және спорт министрлігі Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарының екінші жарыс күнінің нәтижесіне тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Бокс: Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының ширек финалында Мурад Аллахвердиевті (Әзірбайжан) тізе бүктіріп, келесі кезеңге шықты. Төрешілер есебі – 5:0.
Карина Ибрагимова (57 кг) 1/8 финалда Пуэрто-Рико өкілі Лозада Мотта Ашлейаннан жеңіліп қалды.
51 кг салмақтағы Сәкен Бибосынов та ширек финалда өзбекстандық азулы қарсыласы Хасанбой Дусматовтан жеңіліп, жартылай финалға өте алмады.
Стенд ату: Ұлттық құрама спортшысы Эдуард Ещенко іріктеудің алғашқы күнінде бақ сынады. Скит бағдарламасында ол 66 ұпай жинап, 27-сатыға жайғасты.
Батуттағы гимнастика: Ерлер арасындағы іріктеуде отандасымыз Данил Мұсабаев 58.070 ұпай жинап, 9-сатыға табан тіреді.
Семсерлесу: Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасын 6-сатыда аяқтады. Ширек финалда Қазақстан командасы Мажарстаннан жеңілген соң 5-8 орындарды сарапқа салу үшін Мысырмен сынға түсіп, 36-21 есебімен басым түсті.
Биіктікке секіру: Надежда Дубовицкая мен Елизавета Матвеева іріктеу сайыстарына қатысты. Надежда – 1.83, Елизавета 1.88 метрмен шектелді.
Жүзу: Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде өз тобында мәреге бесінші болып келді. Оның уақыт көрсеткіші – 52.74 секунд. Алайда жартылай финалға шыға алмады.
Дзюдо: Кәмила Берліқаш алғашқы белдесуінде моңғолиялық Адиясурэн Амарсайханнан қосымша уақытта (golden score) жеңіліп қалды. Отандасымыз төрешіден 3 ескерту алды.
Академиялық ескек есу: Ұлттық құрама спортшысы Владислав Яковлев Париж Олимпиадасында соңғы жарысына қатысып, Е тобының финалында мәреге бірінші жетті. Уақыт көрсеткіші – 6:59.43 секунд.
Олимпиаданың жетінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар.