Париж-2024: Үлкен теннистен жеребе тартылды

Париж олимпиадасында спорт түрлерінен жеребе тарту рәсімі өтіп жатыр. Үлкен теннистен қазақстандық теннисшілердің қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина бірінші кездесуін румыниялық Критиан Жаклинге қарсы өткізеді. Юлия Путинцеваның қарсыласы - украиналық Марта Костюк болады.

Ал, ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Александр Бублик америкалық Тэйлор Фрицпен ойнайды. Александр Шевченконың қарсыласы - чехиялық Якуб Меншик екені анықталды.

Жұптық сындағы қазақстандық теннисшілердің қарсыластары Бублик/Недовесов (Қазақстан) – Попырин/Де Минаур (Австралия) арасында өтеді. Париж Олимпиадасындағы теннис бәсекесі 27 шілде мен 4 тамыз аралығында «Ролан Гаррос» стадионында өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы