Париж-2024: Төртінші жарыс күнінің нәтижесі қандай болды
Туризм және спорт министрлігі Франция астанасында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарының төртінші күні (30 шілде) бойынша қазақстандық спортшылардың нәтижесі қандай болғанына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Отандық спортшыларымыз бес спорт түрі бойынша бақ сынады.
Стенд ату
Стенд атудан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде Мария Дмитриенко 73 ұпаймен 4-орын алды.
Бокс
Боксшы Нұрбек Оралбай (80 кг) 1/8 айналымда Каллум Питерсті (Аустралия) жеңді. Өте тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер 3-2 есебімен жеңісті қазақ былғары қолғап шеберіне берді.
Ұлттық құраманың спортшысы Сәкен Бибосынов алғашқы айналымда түрік боксшысын айқын басымдықпен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Жүзу
Әділбек Мусин 100 метрге еркін әдіспен жүзуде мәреге 8-ші болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 49.92 секунд.
Дзюдо
Дзюдодан 81 кг салмақтағы Абылайхан Жұбаназар мен әйелдер арасында 63 кг салмақта белдескен Эсмигүл Куюлова бірінші айналымда жеңіліп қалды.
Садақ ату
Садақ атудан команда көшбасшысы Илфат Абдуллин Париж Олимпиадасының жекелей сынынан шығып қалды.
Олимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар.