Париж-2024: Тоғызыншы жарыс күнінің нәтижесі қандай
Туризм және спорт министрлігі Франция астанасында өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының тоғызыншы жарыс күнінің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Туризм және спорт министрлігі Франция астанасында өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының тоғызыншы жарыс күнінің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бокс: Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында Кристиан Хавьер Пиналесті (Доминикан) жеңіп, финалға жолдама алды. Төрешілер есебі: 3-2.
Жеңіл атлетика: Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Олимпиаданың финалына жолдама алды. Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші – 9:16.46 секунд. Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді.
Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруде өз тобында мәреге 7-ші болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 23.57 секунд.
Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгірудің жартылай финалына шыға алмады. Оның уақыт көрсеткіші – 13.88 секунд.
Дэйзи Джепкемей 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде мәреге 9-шы болып жетті.
Стенд ату: Әсем Орынбай скит бағдарламасының іріктеу қорытындысы бойынша 116 ұпай жинап, 18-орынға тұрақтады.
Нысана көздеу: Никита Чирюкин іріктеуде 583 ұпай жинап, 10-орынға жайғасты. Өкінішке қарай финалдық сайысқа шыға алмады.
Олимпиаданың тоғызыншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.