Париж-2024: Садақ атудан спортшыларымыздың қарсыласы анықталды
Париж Олимпиадасында садақ атудан іріктеуден кейін плей-офф кезеңінде бір-бірімен сынға түсетін спортшылар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Команда көшбасшысы Ильфат Абдуллин рейтингтік кезеңде 29-орынға тұрақтап, 36-сатыға табан тіреген канадалық Эрик Питерске қарсылас атанды.
Ал Дәулеткелді Жаңбырбай (22-орын) колумбиялық Хорхе Энрикеспен (43), Александр Еременко (59) француз Батис Аддиспен сайысқа түседі.
Айта кетейік, 1/32 айналым 30 шілдеде өтеді. Ал командалық сайыста Қазақстан 1/8 финалда Италиямен 29 шілдеде кім мықтыны анықтайды. Осы жұптың жеңгені жарыс қожайыны Францияға түседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы