Париж-2024: Қызықты деректер

Төрткүл дүние көз тіккен Париж Олимпиадасының басталуына 2 күн қалды. Париж олимпидасына қатысты қандай қызықты деректер бар. BAQ.KZ тілшісі шолу жасап көрді.

Еліміз 8-рет Жазғы олимпиада ойындарына қатысады. Қазақстан құрамасының еншісінде 92 жолдама бар. Еліміздің атынан спорттың 25 түрінен 80 атлет бақ сынайды. Париж олимпиадасына қатысты қандай қызықты деректер бар. Париж күнделігі жобасынан көре аласыздар.

Ұлттар шеруімен өтетін Олимпиаданың ашылу салтанаты ең қызықты оқиғалардың бірі. Қатысушы елдердің спортшылары алғаш рет стадионда емес, қайықтармен Сена өзені бойымен өтеді.

Әйгілі америкалық рэпер Снуп Догг олимпиада алауының эстафетасына қатысады. Ол 26 шілде күні алауды алып жүреді. Сондай-ақ ол Парижде америкалық NBC арнасының тілшісі болып жұмыс істейді.

Ұйымдастырушылар 2024 жылғы Олимпиада ойындары тарихында алғаш рет гендерлік теңдестірілген атап өтті. Әйелдер 1900 жылы өткен жазғы Олимпиада ойындарынан бері қатысып келеді. Олардың саны сол кезде 13 қана болса биылғы жылы ерлер мен әйелдердің саны тең болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы