28 Шілде 2024 2024, 15:31

Париж-2024: Қырғызбаев ширек финалға өтті

Ширек финалдағы Ғұсманның қарсыласы енді анықталады

Отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) Париж Олимпиадасының басты фавориті Ан Ба Улды (Оңтүстік Корея) жеңді.

Ширек финалдағы Ғұсманның қарсыласы енді анықталады.

Ғұсман - әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ал Ан Ба Уль - Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, 2 дүркін қола жүлдегері, жазғы Азия ойындарының жеңімпазы.