Париж-2024: Қазақстаннан алғаш болып садақшылар сынға түседі
Ертең, 25 шілде күні, Қазақстан құрамасының спортшылары Олимпиада медаліне таласты бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Париждегі жазғы Олимпиадада Қазақстаннан алғаш болып садақ атушылар сынға түседі.
Аталған спорт түрінде ел намысын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко қорғайды.
25 шілде күні жекелей сын өтеді. Спортшыларды рейтингілік раунд күтіп тұр. Жарыс нәтижесі бойынша олимпиадалық сетка анықталады. Ал плей-офф кезеңі 30 шілде күні 1/32 финалдан басталады.
Садақшылар жарысты Астана уақытымен 17.15-те бастайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы