Париж-2024: Он бесінші жарыс күнінің нәтижесі қандай

Туризм және спорт министрлігі Франция астанасында өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының он бесінші жарыс күнінің нәтижесін қорытындылады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Еркін күрес: 97 кг дейінгі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали ширек финалда жеңілсе де, жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алды.

Велотрек: Кейрин бағдарламасындағы Андрей Чугай іріктеуде өз тобында мәреге бесінші болып келді. Енді ол жұбаныш кезеңінде бақ сынайды.

Қазіргі бессайыс: А тобының жартылай финалында сынға түскен Елена Потапенко 1301 ұпай жинап, 15-орыннан көрінді.

Брейкинг: Әмір Зәкіров ширек финалда әлем чемпионы Виктор Монтальвоға (АҚШ) жол беріп, жарысты аяқтады. Тоғыз төрешінің 3 раунд бойынша есебі: 0-3 (0-9, 1-8, 2-7).

Олимпиаданың он бесінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы