Париж-2024: Олимпиадаға 11 жастағы спортшы қатысады

Париж Олимпиадасына қатысатын ең жас және егде спортшы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі

Олимпиада ойындарында алғаш рет брейк-данс бойынша жарыс өтеді. Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мұндай шешімді 2018 жылы Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасынан кейін қабылдаған еді. Бұл жарыстан еліміздің намысын қорғайтын спортшымыз да бар екенін айта кетейік. Ол - Әмір Зәкіров.

Олимпиадаға 11 жастағы спортшы да қатысады. Қытайлық Чжэн Хаохао скейтборд спортнынан сынға түседі. Ал олимпиададағы ең егде спортшының жасы – 65 те. Ол - испаниялық шабандоз Хуан Антони Хименес.

Ал Олимпиада ойындарының бойтұмары ретінде Фриги есімді қалпақ таңдалған. Қалпақ – «Француз Республикасының айқын символы», ал француз халқы үшін ол – азаттық бейнесі болып есептеледі.

Олимпиада қалашығы аумағы 52 гектарды құрайды. Ол Сент-Уэн, Сен-Дени және Иле Сен-Дени аудандарының арасында, бұрынғы өнеркәсіптік шөлейттердің орнында және Стад де Франс стадионына жақын жерде орналасқан. Қаплашықта 40 түрлі тұрғын үй, сондай-ақ оқу орындары, спорт залдары, емхана және допингке қарсы орталық бар. Спортшыларға 4 мың қызметкер мен 1500-ге жуық ерікті қолдау көрсетеді.

Делегациялар мінетін қайықтардан бөлек Сена өзенінде 86 қайыққа мінген полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Ресми іс-шара алдында сүңгуірлер мен кинологтар Париждегі негізгі су жолының барлық тіректерін тексеретіні, ал әскерилер күдікті заттарды анықтау үшін суда дыбыс датчиктерін орнатқан. 13.00-ден бастап 45 мың полиция мен жандарм шеру жолы өтетін Сена бойындағы аумақты қоршайды. Қауіпсіздік мақсатында серіктес елдердің 1800 полиция қызметкері көмектеседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҰОК/Тұрар Қазанғапов
Өзгелердің жаңалығы