Париж-2024: Олимпиадада қазақстандық спортшы сүйіктісіне сөз салды

Парижден 300 шақырымдай жердегі Шатору қаласында әлемнің таңдаулы мергендері кезекті жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ал осы уақыт біздің команда үшін өзге бір ерекше қуанышты сәтпен есте қалады. Алғаш рет Олимпиадада ел намысын қорғаған Константин Малиновский сүйгені Арина Алтуховаға сөз салды. Константин өзінің туған күнінде нағыз азаматқа тән мінез танытып, Парижде ғашығына сезімін білдірді. Әрине, Арина қатты таңғалса да, көп күттірмей өміріндегі ең маңызды "иә" деген сөзін айтты.

Константин Малиновский Париж Олимпиадасының лицензиясын былтыр қарашада Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өткен Азия чемпионатында жеңіп алған. Ал сол сәттен бір күн бұрын Арина Алтухова 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде жолдамаға иелік еткен. Константин сол кезде Париж Олимпиадасына барып, Аринаға сөз салу үшін барын салғанын айтады.

Лицензияны Оңтүстік Кореядағы Азия чемпионатында алдым. Бұл жарысқа тыңғылықты дайындалып бардым. Бір күн бұрын қызым Арина лицензия алғанда іштей: «менің де қолымнан келеді. "Одан қалмауым керек" деп ойладым, - деді ол Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі арнайы дайындаған "Олимп жолы" бағдарламасына берген сұхбатында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: sports.kz
Өзгелердің жаңалығы