Париж-2024. Олимпиада жүлдегері Демеу Жадыраев жаңа үйіне барды

Бүгін Парижде өткен жазғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен анасы Күлипа Бижанова Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев сыйға тартқан Жаркент қаласындағы жаңа үйге барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Кеше облыс әкімі Күлипа Бижановаға Қазақстанның мақтанышына айналған батыр ұлды тәрбиелеп өсіргені үшін алғыс айтып, Күлипа Бижановаға үй кілтін салтанатты түрде тапсырған болатын. Жаңа үй жиһазбен және тұрмыстық техникамен толық қамтамасыз етілген.  Бұл өз кезегінде Күлипа Бижанованың қолайлы жағдайда өмір сүруіне үлкен септігін тигізеді.

Демеу Жадыраев бұл үйдің анасына жылы ұя, жайлы мекен, ал өзі үшін қуана-қуана келетін сүйікті шаңырағы болатынын атап өтті.

Ал Демеу Жадыраевтың анасы тұрғындар мен қолдау көрсеткен барша жанға алғысын білдірді.

Неше күннен бері баламыз Олимпиададан орын алып, халқымыз күнделікті үйге келіп қуанышыма ортақтасып жатқандар көп. Оларға рахметімді айтамын. Жетісу облысы әкімінің қабылдауында болдық. Балаңыздың еңбегі сіздің еңбегіңіз деп Жаркенттің орталығынан үй беріп жатыр, - дейді Күлипа Бижанова.

Еске салсақ,  Парижде өткен олимпиадада Демеу Жадыраев грек-рим күресінен күміс медаль иеленген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот
Өзгелердің жаңалығы