5 Қыркүйек 2024 2024, 14:34 Фото: Туризм жəне спорт министрлігі

Париж-2024. Нұрдәулет Жұмағали финалға жолдама алды

Пара жүзуден SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Нұрдәулет Жұмағали финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пара жүзуден SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Нұрдәулет Жұмағали финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол іріктеу кезеңінде 1:05.11 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші жетті. 

Сонымен қатар Нұрдәулет осы нәтижесімен Азия рекордын жаңартты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеше Давид Дегтярев алтын жүлдеге қол жеткізіп, Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы атанды.

Сондай-ақ Дастан Мұқашбеков қола жүлде жеңіп алды.