Париж-2024: Головкин алғашқы медальді сыйлаған мергендерді құттықтады

Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында Қазақстанға алғашқы медальді сыйлаған мергендерді құттықтады

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен жеке өз атымнан сіздерді Париж Олимпиадасындағы алғашқы медальді жеңіп алуларыңызбен құттықтаймын! Сіздер жарыстың алғашқы күні-ақ жүлдеге қол жеткізіп, барша олимпиадалық құрамаға жігер бердіңіздер, - деді Головкин.

Қазақстан Атланта ойындарынан кейін алғаш рет нысана көздеуден Олимпиада тұғырына көтеріліп отыр.

Бұл жетістік арқылы сіздер өз шеберліктеріңізді паш етіп, еліміздің олимпиадалық тарихына ендіңіздер. Ислам, Париж Олимпиадсының ең алғашқы жолдамасын да сіз иеленген едіңіз. Енді, міне, Олимпиаданың алғашқы медалін де сіз сыйлап отырсыз. Бұл медаль Париж Олимпиадасындағы Қазақстан командасының ірі жеңістеріне жол ашсын. Сіздерге Олимпиада ойындарындағы жекелей сында сәттілік тілеймін, - деді  Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің төрағасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы