Париж-2024: Елдос Сметов тарихи «алтыны» үшін қанша қаржы алады

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париж (Франция) Олимпиадаcында алтын медаль алғаны үшін қомақты ақшалай сыйлық алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заңнамаға сәйкес, Олимпиада ойындарында елге алтын жүлде әкелген спортшы 250 мың доллар алады. Олимпиада жүлдегерлері үшін де жүлде қоры белгіленді: күміс медаль үшін 150 000 доллар, қола үшін 75 000 доллар.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы Олимпиаданың алғашқы күнінде Қазақстан тағы бір жүлде жеңіп алды: 10 метрге пневматикалық мылтықпен атудан аралас командалық жарыста өнер көрсеткен Ислам Сәтбаев пен Александра Ле үшінші орын алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы